Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

Мектеп парламенті президентінің сайлауы!

Мектеп парламенті президентінің сайлауы! 

Бүгін, Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінде мектеп парламентінің президентін сайлау өтті.

Бұл сайлау – оқушылардың өз пікірін ашық білдіруіне, көшбасшылық қабілеттерін дамытуға бағытталған маңызды шара болды.

🔹 Сайлауға үш үміткер қатысып, өздерінің бағдарламаларын ұсынды.

Сайлауға 149 оқушы қатысып, дауыс берді.

🔹 Дауыс беру нәтижесінде 10 сынып оқушысы Дәулетбек Шұғыла басымдықпен жеңіске жетіп, мектеп парламентінің жаңа президенті болып сайланды! 🏆

👏 Шұғыла Нұрболатқызын шын жүректен құттықтаймыз!

Оған алдағы қызметінде жауапкершілік, әділдік пен белсенділік тілейміз.

Жаңа президент бастаған мектеп парламенті – оқушылардың бастамалары мен идеяларын жүзеге асыратын белсенді ұйым боларына сенеміз! 💫