Абай атындағы жалпы білім беретін мектепте “Шабыт шыңы” тақырыбында ерекше өнер фестивалі өтті. Бұл шара оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өнерге деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.
Бүгінгі өнер додасына арнайы ауданнан келген, өнер мен мәдениет саласында тәжірибесі мол, өз ісінің білікті мамандарынан құралған әділ-қазылар алқасы төрелік етті. Аудандық білім бөлімі, әбістемелік кабинет әдіскері Амангелдиев Бақытбек, Абдрахманова Сәуле - балалар мен жасөспірімдер орталығы педагог ұйымдастырушы, Ахауова Айгерім - балалар мен жасөспірімдер орталығы мәдени іс-шара ұйымдастырушысы төрелік етті.
Фестиваль барысында оқушылар ән айтып, би билеп, көркемсөз оқып, түрлі сахналық қойылымдар көрсетті. Әрбір өнер көрсетілімінде оқушылардың таланты мен еңбегі айқын байқалды. Көрермендер де жас өнерпаздардың өнеріне тәнті болып, зор ықыласпен қолдау көрсетті.
Өнер – адамның жан дүниесін байытып, рухани әлемін кеңейтетін құндылық. Осындай шаралар арқылы оқушылар өз қабілеттерін ашып, өнердің биік шыңына ұмтылуға мүмкіндік алады.





