2026 жыл 6 ақпан күні Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінде “Шабыт шыңы” айдарымен өнер фестивалінің хор жанры өтілді.
Хор жанры бойынша 5–10 сынып оқушылары арасында Қазақстанның халық әртісі Ескендір Хасенғалиевтің әні, С. Жиенбаевтың сөзіне жазылған
«Айналдым елім» әні орындалды.
Аталған шығарма жас орындаушылардың патриоттық сезімін, туған елге деген сүйіспеншілігін айқын көрсетіп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Оқушылар әнді жоғары деңгейде орындап, бірлік пен үйлесімділікті көрсете білді.





