Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

«Отбасы күні»

«Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 2025–2026 оқу жылына арналған «Отбасы күні» онкүндігі аясында, ұйымдастырушы педагог М.Қожабекованың ұйымдастыруымен 08.09.2025 ж. күні «Мерейлі отбасы» атты көпбалалы, үздік оқушылар тәрбиелеп отырған ата-аналармен кездесу өткізілді.

Іс-шара мақсаты:

Озат оқушылардың ата-аналарын үлгі ете отырып, оқушыларды сыйластыққа, адамгершілікке, отбасылық құндылықтарды қадірлеуге тәрбиелеу. Сонымен қатар, ата-аналардың отбасы тәрбиесіндегі тәжірибесімен бөлісу арқылы оқушылардың бойында төзімділік, қайсарлық, еңбекқорлық қасиеттерін қалыптастыру.

Кездесу барысы:

Іс-шараны мектептің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Қ. Батырбек ашып, жаңа оқу жылына сәттілік тілей отырып, ата-аналардың мектеп өміріне белсенді араласуының маңыздылығына тоқталды. Ата-аналармен ашық сұхбат өтіп, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Кездесу әсерлі әрі мазмұнды өтті. Қатысушылар мұндай шаралардың алдағы уақытта да жалғасын табуын қолдап, ұсыныстарын білдірді.