Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

8A сынып. "Өнегелі 15 минут"

Біртұтас тәрбие "Өнегелі 15 минут" бойынша жобада. Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің 8 «а» сынып жетекшісі Шонтық Райханның ұйымдастырумен Шонтық Темірбек отбасындағы Темірбек Інжу мен Айзеренің әжесі Айсейтова Қаламқас әженің қыз тәрбиесіне көңіл бөлу тақырыбында өткен 15 минут.«Өнегелі – 15 минут» жобасы ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған. Бұл жоба баланың мінез-құлқындағы жақсы қасиеттерді дамыту, адамгершілік құндылықтарды түсіндіру, ата-аналар мен балалар арасында сенімді байланыс орнату мақсатында жүзеге асырылады. Күнделікті 15 минуттық жеке әңгіме ата-аналар мен балалардың бір-бірімен еркін және ашық сөйлесуіне мүмкіндік береді.Жоба мақсаты:Балаларға адамгершілік құндылықтарды, адалдық, жауапкершілік, шыдамдылық, мейірімділік және құрмет сияқты қасиеттерді түсіндіру.Ата-аналарға баласының мінез-құлқындағы өзгерістерді бақылауға және қолдауға мүмкіндік жасау.Ата-ана мен бала арасындағы түсіністік пен сенімді арттыру.Баланың жеке тұлғалық дамуында және қоғамдық қатынастарда өз орнын табуына көмек көрсету.

#адал_азамат_біртұтас_тәрбие