Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

"Ұлы халықтың - ұлы Абайы"

Ұлы Абай шығармаларынан қазақ баласының салауатты тәрбие алып, ұлттық өсіп-өнуіне қажетті көптеген өсиет сөздерді табуға болады. Оның шығармалары мен қара сөздері қазақ халқын ғана емес, жалпы адамзат баласын екі ғасырдан бері рухани құндылықтарға жетелеуде. Абай даналығы жаңа ғасырда жаңарып түлеп, өркениетті мемлекет құрып жатқан қазақ халқының дамуына өлшеусіз зор ықпал жасауда.

Кітап көрмесінің мақсаты - тереңдеп таныған сайын жаңа қырларымен, өзгеше сипатымен ашыла түсетін ақын поэзиясын зерделеп оқуға, ұлы ақынның сан салалы ақыл-ойын, өнер өрісін жүйелеп тануға ықпал ету, насихаттау. "Жас өркен" бірлестігінің айлығы аясында өткізілген "Ұлы халықтың - ұлы Абайы" көрмесінен үзінді.