Халықаралық сайлау күніне орай Түркістан облысы, Отырар ауданының білім бөліміне қарасты «Абай атындағы білім беретін жалпы орта мектеп» КММ-де 2026 жылғы 28 қаңтар күні №498 сайлау учаскесінің ұйымдастыруымен жоғарғы сынып оқушыларына арналған тәрбиелік сағат өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сайлау жүйесі туралы түсінік қалыптастыру, жас ұрпақты азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу. Тәрбиелік сағат барысында сайлаудың маңызы, сайлау процесінің кезеңдері, электорат ұғымы және әрбір азаматтың ел болашағына қосатын үлесі туралы кеңінен әңгіме өрбіді.
Сонымен қатар, оқушыларға тәжірибелік сайлау үлгісі көрсетіліп, дауыс беру тәртібі таныстырылды. Бұл оқушылардың белсенділігін арттырып, өз пікірін еркін білдіруге мүмкіндік берді.
Шара соңында оқушылар өз ойларын ортаға салып, азаматтық қоғамдағы сайлаудың рөлі жөнінде пікір алмасты. Өткізілген тәрбиелік сағат жасөспірімдердің саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыруға үлкен үлес қосты.





