«Әр бала – бір жұлдыз» айлығы аясында бағдарламалау үйірмесінде «Информатика қазына аралы» атты қызықты сайыс өтті. Сайыста «Кодтаушылар» мен «Цифрлық сақшылар» болып екі топқа бөлінд. Сайыс 8 кезеңнен тұрды:
I кезең: «Сәйкестендіру» аралы
II кезең: «Алгоритм» аралы
III кезең: «Желілер» аралы
IV кезең: «Логика» аралы
V кезең: «Графика» аралы
VI кезең: «Деректер» аралы
VІI кезең: «Қауіпсіздік» аралы
VIІІ кезең: «Қазына» аралы.
Оқушылар білім кемесіне мініп, тапсырмалар аралынан өтіп, өздерінің зеректігі мен тапқырлығын көрсетті. Әр топ өз жұлдызын жарқырата білді. Нәтижесінде «Кодтаушылар» тобы жеңіске жетіп, дипломмен марапатталды.
Осындай іс-шаралар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, болашақ IT мамандарына алғашқы қадам жасауға мүмкіндік береді ![]()





