«Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 2025–2026 оқу жылында «Тіл достықтың кепілі» тақырыбындағы онкүндік жүріп жатыр. 09.09.2025 ж күні “Ғылымның шамшырағы - Шоқан” (Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай) кітап көрмесі болып өтті.
Мақсаты:
Оқушыларға қазақ халқының ұлы ғалымы, зерттеуші, этнограф Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы туралы терең мәлімет беру, оның еңбектері арқылы тіл, мәдениет, тарихқа деген қызығушылықтарын арттыру. Тілді қадірлеу мен достықты насихаттай отырып, ұлы тұлғалардың рухани мұрасын үлгі ету.
Көрмеде қамтылатын негізгі тақырыптар:
- Шоқан Уәлихановтың өмірбаяны
- Ғылыми еңбектері (Қашқария сапары, фольклорлық зерттеулері т.б.)
- Шоқан және тіл мәселесі
- Шоқан туралы жазылған еңбектер мен зерттеулер
- Ұлы тұлғаның замандастары мен достары жайлы мәліметтер
- Шоқан Уәлихановқа арналған кітаптар мен мақалалар
Көрме ұраны:
«Ғылым мен достықтың жолын жалғаған Шоқан»
Қорытынды мақсат:
Оқушылардың бойында туған тілге, тарих пен мәдениетке деген құрмет сезімін қалыптастыру, Шоқан секілді білімді де парасатты болуға шабыт беру.