Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

" Географиялық алаң"тақырыбында сайыс сабақ.

Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінде "Жас өркен"үйірмелер бірлестігінің өткізіліп жатқан айлық іс-шарасы аясында Изтаева Перизат қаңтар айының 28 жұлдызы күні жоспарға сай" Географиялық алаң"тақырыбына 5сыныптар арасында сайыс сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жаратылыстану пәніне қызығушылығын арттыра отырып, белсенділігін дамыту.Ұйымшылдыққа, достыққа, тез ойлап, тез шешім қабылдауға, алған білімдерін өмірде, тұрмыста қолдана білуге, бірлесе жұмыс жасауға жұмылдыру. Бәсекеге қабілетті тұлға болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: интеллектуалдық сайыс. Үйірме оқушылары "Елтану" және "Жертану"тобы болып екі топқа бөлініп сайысқа түсті.

Сайыс кезеңдері:

1.Таныстыру.

2."Кім жылдам"

3."Сөз жұмбақ"

4.Адасқан әріптерді құрастыру.

5.Қазақстан картасын(пазл құрастыру)

6.Электрондық картадан материктер мен мұхиттарды табу.

7.Тәжірибе жасау.

Сайыстың нәтижесінде "Елтану" тобы жеңіске жетіп, сайыс соңында марапатталып ынталандыру сыйлықтары үлестіріліп алғыс хат пен марапатталды.