Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

«Ауғанның отты жалыны»

Шәмші ауылдық мәдениет үйінде «Ауғанның отты жалыны» атты тағылымды іс-шара өтті.

Шараның мақсаты – Ауған соғысында ерлік көрсеткен ардагерлеріміздің батырлығын ұлықтау, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік рух дарыту, тарихымызды құрметтеуге тәрбиелеу.

Кеш барысында Ауған соғысының ауыр жылдары туралы естеліктер айтылып, ерлікке толы тағдырлар насихатталды. Ардагер Талғат,Бейбіт,Айтжан ағаларымыз қатысып, өз өмір жолы мен елге қызмет етудің маңыздылығы туралы әсерлі әңгіме бөлісті.

Бейбіт өмір үшін күрескен батыр ағаларымыздың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Олардың жанқиярлығы – кейінгі ұрпаққа өнеге, елге деген адалдықтың айқын үлгісі.

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран!