Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің «Балдаурен» бірлестігінде 4 «Ә» сыныбында қазақ музыка өнерінің көрнекті өкілі, композитор, дирижер, академик Ахмет Қуанұлы Жұбановтың туғанына 120 жыл толуына орай «Ахмет Жұбанов – музыка әлемінің шамшырағы» тақырыбында сайыс-сабақ өткізілді.
Сайыс-сабақ барысында оқушыларға Ахмет Жұбановтың өмірі мен шығармашылығына арналған бейнебаян көрсетіліп, ұлы тұлғаның өнер жолы кеңінен таныстырылды.
«Әуен» және «Күй» топтарының топбасшылары өз топтарын таныстырып, жігерлі ұрандарын айтты. Сайыс 6 кезеңнен тұрды:
І кезең – «Тарихтан сыр»
ІІ кезең – «Артығын тап» ойыны
ІІІ кезең – «Суреттер сөйлейді»
IV кезең – «Шығармашылық шеберханасы»
V кезең – «Өнерлі өрендер»
VI кезең – «Музыкалық атмосфера»
Сайыс барысында оқушылар Ахмет Жұбанов туралы өлеңдер оқып, мақал-мәтелдер айтып, жұмбақтар шешті. Әсем ән шырқалып, күмбірлеген күй орындалып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.Сайыс нәтижесінде "Күй" тобы 1 - орын, "Әуен" тобы 2- орын иеленіп марапатталады.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру, күй өнерінің құдіретін сезіндіру және ұлы тұлғаның мұрасын насихаттау болды.
Ұлттық музыка — ұлттың жаны. Осындай мазмұнды шаралар арқылы оқушыларымыздың өнерге деген сүйіспеншілігі арта берсін!





