Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

Ахмет Қуанұлы Жұбановтың туғанына 120 жыл

Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің 8 «Ә» сыныбында сынып жетекшісі Жүсіп Анардың ұйымдастыруымен қазақтың көрнекті композиторы, ғалым, қоғам қайраткері Ахмет Қуанұлы Жұбановтың туғанына 120 жыл толуына арналған ашық тәрбие сағаты өтті.

Іс-шара барысында оқушылар ұлы тұлғаның өмір жолы мен шығармашылық мұрасымен танысып, қазақ музыка өнерінің дамуына қосқан зор үлгісі туралы мол мағлұмат алды.

Тәрбие сағаты бейбітшілік пен татулықты дәріптейтін, жүрекке жылы тиетін «Ақ көгершін» әнімен көркемделді. Бұл ән арқылы Ахмет Жұбановтың өнері – елге, болашақ ұрпаққа қалдырған асыл мұра екені айқын көрінді.

Мазмұнды өткен шара оқушылардың ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін арттырып, рухани тәрбиенің маңызын көрсетті.